|
Соңғы он-он бес жыл төңірегінде еліміздің білім беру саласы елеулі өзгерістерге толы болды. Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде техника мен технологияның қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Оны пайдалану әлемдік тенденцияда оқыту процессінде болып жатқан бар мүмкіндіктерді қарастыруында болып тұр. Осы тұрғыда соңғы үлгілі технологиялық жетістіктерге ие қашықтықтан оқыту әлемдік білім беру жүйесінде жетекші орынды иеленуге ұмтылуда. АҚШ-та қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша 1 млн астам студент білім алады екен. Қашықтықтан оқыту деп студенттің өзіндік жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашатын, мұғалім пен студент кеңістік немесе уақыт аралығында бөлініп тұрса да, телекоммуникациялық құралдардың көмегімен кез-келген жағдайда тапсырма алып, оны орындай алатын соңғы үлгідегі технологиялармен қамтамасыз етілген оқыту жүйесін айтады. Қашықтықтан білім берудің негізгі мақсаты – оқушы немесе студент кез-келген уақытта ақпараттық кеңістікті еркін пайдалану арқылы жан-жақты білім алу болып табылады. |